Басты бет

«Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты» КММ






Көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бердібек Мәшпекұлы Сапарбаевтың 1993 жыл15 қыркүйегіндегі №443 шешімімен қазан айында ашылды.

2004 жылдың қараша айының 10 -шы жұлдызынан бастап мекеме атауы "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2012 жылы Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесінің атауы, "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің шешімімен 2015 жылдың қаңтар айынан бастап оқу мекемесінің толық атауы - Оңтүстік Қазақстан облысының, білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы шешімімен мекеме атауы, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 83 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мекеменің атауы ауыстырылды.

Мектептің ашылған жылы: 1993 жыл

Оқу ғимараты 3 қабатты.

Мектеп- интернаттың жалпы алаңы - 3406,8 кв.м

Жатын орны 165 балаға есептелінген.

Материалдық техникалық база:

  • Директор бөлмесі - 1
  • Диретор орынбасарларының бөлмесі - 1.
  • Оқу бөлмелері - 23
  • Сенсорлық кабинет - 1
  • Мектеп алды даярлық тобы бөлмесі - 1
  • Емдік дене шынықтыру кабинеті - 1
  • Дене шынықтыру залы - 1
  • Музыкалық зал -1
  • Музыка бөлмесі -1
  • Кітапхана - 1
  • Психолог кабинеті - 1
  • Әлеуметтік педагог кабинеті - 1
  • Компьютерлік бөлме - 2
  • Еңбек технологиясының бөлмесі - 2
  • Тіл кемістігін түзету кабинеті - 1
  • Арнайы пәндер кабинеті / дефектологтар кабинеті - 5
  • Асхана, отыратын орын саны - 80
  • Ас дайындайтын блок - 1
  • Гигиеналық бөлме - 1
  • Дәрігерлік бөлме - 2
  • Кітап қоры- 9706

Педагогикалық кадрлар:

  • Жалпы педагогтар саны: 48 олардың ішінде
  • жоғары білімді - 48
  • Жоғары санатта - 15
  • Бірінші санатта - 15
  • екінші санатта - 10
  • санаты жоқ - 8

Барлық тәрбиешілер саны - 33 олардың ішінде:

  • жоғары білімді - 33
  • Жоғары санатта - 8
  • бірінші санатта - 5
  • еікнші санатта - 7
  • санаты жоқ -13

Оқушылар:

Контингент - 185

Барлық сынып саны - 24

Басты мақсат: Көзі нашар көретін балалардың қалған көру қабілеттерін сақтау, көру қабілетінен айырылған балаларға Брайль әліпбесімен білім бере отырып оларды өмірге бейімдеу, сондай - ақ оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, арнайы түзету пәндері арқылы қоғамға бейімдеу.

Оқу тәрбие процесі жалпы білім беретін орта мектептің білім беру стандартына сәйкес және қосымша арнайы-түзету пәндерінің негізінде жүргізіледі. Мектеп-интернатта балаларға медициналық көмек көрсетіледі, онда физиоемдеу, жалпы емдеу, көз емдеу бөлмелері жұмыс жасайды.

Оқу жылының басында облыс көлемінің түрлі аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мектеп-интернат партасына отырады. Мектеп-интернаттағы тәрбиеленушілер толық мемлекеттің қарауында, олар күніне 5-мезгіл тамақтанып, оқу-тәрбие-түзету процесімен қамтылып, медициналық көмек алады.

Оқушылардың 40% -на жуығы зағип оқушылар, қалғаны көру мүмкіндігі нашар оқушылар. Зағип оқцшылар Луи Брайль жүйесі бойынша нүктелі-бедерлі әдіспен оқиды.

Мектеп-интернаттың жай мектептерден артықшылығы бұл оқу ордасында көзі мүлдем көрмейтін балаларды "Кеңістікке бағдарлай" және тілінде кемістігі бар балаларды "Тіл жаттықтыру лагапед" сондай-ақ "Ым-ишарат" сабақтары өтіледі.

2005-2017 оқу жылдарында көру қабілетінің нашарлығына қарамай өтініш білдірген түлектеріміз ҰБТ-ға қатысып, оқушылардың 70-80 пайызы Білім Грантының иегерлері болып келеді.

2013-2015 оқу жылдарында Республикалық мүгедек балалар арасында спорттық ойындарда тоғызқұмалақтан, жеңіл атлетикадан біздің оқушыларымыз жүлделі алтын, күміс, қола медаль иегерлері атануда.

2007 жылы Астана қаласында өткен республикалық "Жұлдызай" байқауында оқушымыз Бас жүлдеге ие болған. (Грант фортисимо, Алтын дауыс).

Балалардың негізгі көз аурулары бойынша диагноздары:

  • Көру дискісінің атрофиясы
  • Жоғары деңгейлі миопия
  • Амблиопия
  • Гиперметропия
  • Астигматизм
  • Афакия
  • Көру жүйесінің атрофиясы
  • Микроафтальм
  • Подвывих хрусталиков при синдроме Марфана
  • Колобома
  • Суқараңғылық