ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
Қабылдау бөлімі :
(7252) 57-03-32
Есепші бөлімі:
(7252) 57-03-32
umit_umit_00@mail.ru:
Интернат "УМИТ" » Ата-аналарға » Біз туралы ақпарат/О нас

Біз туралы ақпарат/О нас

04 март 2021, Четверг
603
0

«Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты» КММ


Көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бердібек Мәшпекұлы Сапарбаевтың 1993 жыл15 қыркүйегіндегі №443 шешімімен қазан айында ашылды.
2004 жылдың қараша айының 10 -шы жұлдызынан бастап мекеме атауы "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2012 жылы Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесінің атауы, "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 83 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мекеменің атауы ауыстырылды.
2018 жылы мекеме атауы Шымкент қаласы білім басқармасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Школа-интернат для слабовидящих детей была открыта в октябре 1993 года решением Акима Южно-Казахстанской области. Первый директор школы Булегенова Ш.К. и коллектив педагогического состава приняли в первый год 74 ученика с нарушением зрения. В 2018 году учреждение было переименовано в коммунальное государственное учреждение «Школа-интернат «Үміт» для детей с нарушением зрения». Сейчас в школе обучаются 175 учеников с различными офтальмологическими диагнозами в классах с казахским и русским языком обучения. Учебно-воспитательный процесс проводится в соответствии со стандартом образования средней общеобразовательной школы и на основе дополнительных специально-коррекционных предметов, незрячие ученики обучаются по системе Луи Брайля точечно-рельефным шрифтом. В школе-интернате детям оказывается медицинская помощь, с детьми работают дефектологи, психолог, логопед. Главная цель работы с детьми: сохранение и компенсация оставшегося зрения слабовидящих детей, адаптация незрячих детей к жизни в быту и социальной сфере, а также адаптация к обществу посредством специальных коррекционных занятий в сочетании с обучением и воспитанием. Воспитанники школы-интерната находятся на полном государственном обеспечении, они получают 5-разовое питание, дети из дальних районов находятся на круглосуточном проживании в интернате. Наши воспитанники несмотря на нарушения зрения, принимают участие в ЕНТ, многие выпускники являются обладателями образовательных грантов. Также наши дети принимают участие в спортивных соревнованиях, музыкальных конкурсах, предметных олимпиадах, где достигают высоких результатов. Школа-интернат «Үміт» для детей с нарушением зрения — это не только место, где можно получить образование, это место, которое может стать для ребенка вторым домом. Директор школы Салим З.А. и педагогический коллектив организовывают учебно-воспитательный процесс, в основе которого лежит не просто освоение знаниями, а грамотно поставленный процесс обучения, воспитания и развития, учащихся в комфортной психологической обстановке. Благодаря своей автономности, школа-интернат «Үміт» может принять учащихся, проживающих в других регионах. Наши воспитанники находятся под круглосуточным наблюдением педагогов и медиков. В нашей школе каждый ребенок с нарушением зрения будет чувствовать себя комфортно, даже вдали от семьи и дома.






Мектептің ашылған жылы: 1993 жыл
Оқу ғимараты 3 қабатты.
Мектеп- интернаттың жалпы алаңы - 3406,8 кв.м
Жатын орны 165 балаға есептелінген.
Материалдық техникалық база:
  • Директор бөлмесі - 1
  • Диретор орынбасарларының бөлмесі - 1.
  • Оқу бөлмелері - 23
  • Сенсорлық кабинет - 1
  • Мектеп алды даярлық тобы бөлмесі - 1
  • Емдік дене шынықтыру кабинеті - 1
  • Дене шынықтыру залы - 1
  • Музыкалық зал -1
  • Музыка бөлмесі -1
  • Кітапхана - 1
  • Психолог кабинеті - 1
  • Әлеуметтік педагог кабинеті - 1
  • Компьютерлік бөлме - 2
  • Еңбек технологиясының бөлмесі - 2
  • Тіл кемістігін түзету кабинеті - 1
  • Арнайы пәндер кабинеті / дефектологтар кабинеті - 5
  • Асхана, отыратын орын саны - 80
  • Ас дайындайтын блок - 1
  • Гигиеналық бөлме - 1
  • Дәрігерлік бөлме - 2
  • Кітап қоры- 9706
Педагогикалық кадрлар:
  • Жалпы педагогтар саны: 48 олардың ішінде
  • жоғары білімді - 48
  • Жоғары санатта - 15
  • Бірінші санатта - 15
  • екінші санатта - 10
  • санаты жоқ - 8
Барлық тәрбиешілер саны - 33 олардың ішінде:
  • жоғары білімді - 33
  • Жоғары санатта - 8
  • бірінші санатта - 5
  • еікнші санатта - 7
  • санаты жоқ -13
Оқушылар:
Контингент - 188
Барлық сынып саны - 24
Басты мақсат: Көзі нашар көретін балалардың қалған көру қабілеттерін сақтау, көру қабілетінен айырылған балаларға Брайль әліпбесімен білім бере отырып оларды өмірге бейімдеу, сондай - ақ оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, арнайы түзету пәндері арқылы қоғамға бейімдеу.
Оқу тәрбие процесі жалпы білім беретін орта мектептің білім беру стандартына сәйкес және қосымша арнайы-түзету пәндерінің негізінде жүргізіледі. Мектеп-интернатта балаларға медициналық көмек көрсетіледі, онда физиоемдеу, жалпы емдеу, көз емдеу бөлмелері жұмыс жасайды.
Оқу жылының басында облыс көлемінің түрлі аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мектеп-интернат партасына отырады. Мектеп-интернаттағы тәрбиеленушілер толық мемлекеттің қарауында, олар күніне 5-мезгіл тамақтанып, оқу-тәрбие-түзету процесімен қамтылып, медициналық көмек алады.
Оқушылардың 40% -на жуығы зағип оқушылар, қалғаны көру мүмкіндігі нашар оқушылар. Зағип оқцшылар Луи Брайль жүйесі бойынша нүктелі-бедерлі әдіспен оқиды.
Мектеп-интернаттың жай мектептерден артықшылығы бұл оқу ордасында көзі мүлдем көрмейтін балаларды "Кеңістікке бағдарлай" және тілінде кемістігі бар балаларды "Тіл жаттықтыру лагапед" сондай-ақ "Ым-ишарат" сабақтары өтіледі.
2005-2017 оқу жылдарында көру қабілетінің нашарлығына қарамай өтініш білдірген түлектеріміз ҰБТ-ға қатысып, оқушылардың 70-80 пайызы Білім Грантының иегерлері болып келеді.
2013-2015 оқу жылдарында Республикалық мүгедек балалар арасында спорттық ойындарда тоғызқұмалақтан, жеңіл атлетикадан біздің оқушыларымыз жүлделі алтын, күміс, қола медаль иегерлері атануда.
2007 жылы Астана қаласында өткен республикалық "Жұлдызай" байқауында оқушымыз Бас жүлдеге ие болған. (Грант фортисимо, Алтын дауыс).
Балалардың негізгі көз аурулары бойынша диагноздары:
  • Көру дискісінің атрофиясы
  • Жоғары деңгейлі миопия
  • Амблиопия
  • Гиперметропия
  • Астигматизм
  • Афакия
  • Көру жүйесінің атрофиясы
  • Микроафтальм
  • Подвывих хрусталиков при синдроме Марфана
  • Колобома
  • Суқараңғылық

Талқылау

Сондай-ақ оқи отырыңыз: